Abstract
<jats:p>Электромобильге қозғалыс кезінде кәдімгі автокөлікке қандай күштер әсер етсе, тура сондай күштер әсер етеді. Олар:электр қозғалтқышының тарту күші, домалау үйкеліс күші, аэродинамикалық кедергі күші және айналу кедергісінің күші.Сондықтан электромобильдерде де қозғалыс кезінде автотербелістер пайда болады. Мақалада қарастырылатын басты мәселе – электромобиль электр жетегінің автотербелістерге тұрақтылығы. Мақалада фазалық траектория әдісімен тұйық контурлы бейсызықты тұйық «жиілік түрлендіргіш - вентильді қозғалтқыш» жүйесінің тұрақтылығына талдау және бағдарлама жасалған. Бейсызықты жүйелерді талдау сызықтық жүйелерді талдаудан әлдеқайда қиын. Себебі, бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл бейсызықты жүйенің тұрақтылығы бастапқы жағдайлар мен сыртқы әсерлерге тәуелді:кейбір кіріс сигналдарда жүйе тұрақты болуы мүмкін, ал басқа жағдайларда ол тұрақтылық қасиетін жоғалтады. Бейсызықты жүйе үшін бірнеше тепе-теңдік ережелері болуы мүмкін болғандықтан, олардың әрқайсысының айналасында тұрақтылықты талдау қажет. Бұл әрине зерттеу мақсатын күрделендіреді. Жүйенің тұрақтылығын талдау – жүйе параметрлері өзгергеннен кейін бастапқы күйіне оралатынын немесе одан ауытқып, ақырында басқарылмайтын күйге айналатынын анықтау процесі. Жүйенің тұрақтылығы динамикалық басқару жүйелері үшін маңызды қасиет болып табылады, себебі тұрақсыз динамикалық жүйелер жағымсыз немесе тіпті қауіпті салдарға әкелуі мүмкін. Жүйенің тұрақтылығы тасымалдау функциясының түбірлік критерийнің түрі бойынша анықталады.Бейсызықты жүйенің негізгі мінез-құлық қасиеттерін сипаттайтын динамикалық сипаттамасы тасымалдау функциясының бөлгішінде болатын сипаттамалық көпмүше. Бөлгішті нөлге теңестіру арқылы түбірлері бойынша тұрақтылықты анықтайтын сипаттамалық теңдеуді алуға болады. Динамикалық басқару жүйелерін талдаудың ең маңызды міндеті олардың тұрақтылығы мәселесін шешу болып табылады. Автоматты басқару жүйелерінің орнықтылығының техникалық түсінігі техникалық жүйенің қалыпты режимдерде тұрақты жұмыс жасау ғана емес, сонымен қатар «бақылаудан шықпау» қасиетін көрсетеді. Кілтті сөздер: вентильді қозғалтқыш, тұрақтылық, электр жетегі, бағдарлама, бейсызықты жүйе.</jats:p>