Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Трансшекаралық жерасты суларының сапасын бағалау қазіргі жағдайда тек гидрохимиялық көрсеткіштерді анықтаумен шектелмей, алынған нәтижелердің өлшеу сенімділігін сандық тұрғыдан дәлелдеуді талап етеді. Антропогендік әсердің күшеюі мен климаттық өзгерістер су ресурстарының жай-күйіне қосымша белгісіздік енгізіп, мониторинг деректерін интерпретациялауда метрологиялық тұрғыдан негізделген тәсілдерді қолданудың маңызын арттырады. Осы зерттеу Шу трансшекаралық су қойнауының жерасты сулары үшін аналитикалық өлшеулердің белгісіздігін бағалауға арналған жүйеленген әдістемелік негізді қалыптастыруға бағытталған. Жұмыста гидрохимиялық параметрлерді анықтау барысында белгісіздік көздерінің қалыптасуы сынама алу, үлгілерді дайындау, аспаптық өлшеу және деректерді өңдеу сатылары бойынша кешенді түрде талданды. Белгісіздікті бағалау ISO/IEC Guide 98-3 (GUM) қағидаттарына, сондай-ақ су сапасын аналитикалық бақылауға арналған халықаралық стандарттарға (ISO/IEC 17025:2017, ISO 11352:2012, ILAC G17:2021) сәйкес жүзеге асырылды. Әртүрлі үлестердің қосынды әсерін ескере отырып, стандартты және кеңейтілген белгісіздікті есептеудің қолданбалы мысалдары келтірілді. Зерттеу нәтижелері өлшеу белгісіздігін ескеру аналитикалық деректердің интерпретациясын айтарлықтай өзгертетінін көрсетті, әсіресе көрсеткіш мәндері нормативтік шектерге жақын орналасқан жағдайларда. Мұндай тәсіл су сапасының сәйкестігін бағалау кезінде қате қорытындылардың алдын алып, шешім қабылдаудың ғылыми негізділігін арттырады. Сонымен қатар күрделі есептік жағдайлар үшін Монте-Карло модельдеуі мен байесиялық бағалау сияқты баламалы әдістердің қолданылу мүмкіндіктері қарастырылды. Алынған қорытындылар өлшеу белгісіздігін бағалауды жерасты суларының сапасын мониторингтеу жүйелерінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде енгізудің зертханалар арасындағы деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуде және трансшекаралық су ресурстарын басқаруда сенімді ғылыми негіз қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Кілтті сөздер: Өлшеу белгісіздігі, жерасты сулары, трансшекаралық су қойнаулары, ISO/IEC 17025, GUM, Монте-Карло әдісі, стандартты белгісіздік, су сапасы.</jats:p>

Show More

Keywords

су жерасты бағалау өлшеу сапасын

Related Articles

PORE

About

Connect