Abstract
<jats:p>Бұл жұмыста Fiber Bragg Grating (FBG) сенсорларының ғарыштық орта жағдайында ұзақмерзімді тұрақтылығы мен сенімділігін кешенді түрде бағалауға арналған көпфакторлы әдістеме ұсынылады. Зерттеу ғарыштық ортаға тән вакуум, кең температуралық тербелістер, иондаушы радиация және механикалық жүктемелер сияқты әсерлердің FBG сенсорларының өлшеу дәлдігіне, Bragg толқын ұзындығының уақыт бойынша дрейфіне және сезімталдық коэффициенттерінің тұрақтылығына ықпалын жүйелік тұрғыда талдауға бағытталған. Ұсынылған тәсіл сенсордың тек физикалық принциптерімен шектелмей, оның материалдық қасиеттерін, қаптама (encapsulation) технологиясын, ғарыштық құрылымға интеграция сапасын және өлшеу-интеррогация тізбегінің ұзақмерзімді тұрақтылығын біртұтас өзара байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Әдеби деректер мен эксперименттік нәтижелерді салыстырмалы талдау FBG сенсорларының сенімділігі жекелеген элементтердің сипаттамаларымен емес, «сенсор–қаптама–құрылым–интеррогация» жүйесіндегі интерфейстердің күйі мен өзара әсерімен анықталатынын көрсетеді. Bragg толқын ұзындығы дрейфінің қаптама түріне, сенсордың орналасу аймағына және интеграция сапасына тәуелді сандық айырмашылықтары ұзақмерзімді мониторинг дәлдігін жүйелік деңгейде басқаруға болатынын дәлелдейді. Бұл жұмыс ғарыштық құрылымдардың құрылымдық денсаулығын бақылауға арналған SHM жүйелерін жобалау мен оңтайландыру үшін ғылыми негіз қалыптастырып, сенсорлық мониторинг жүйелерінің сенімділігін арттыруға және миссиялық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған. Кілтті сөздер: FBG сенсорлары, ғарыштық орта, қаптама технологиясы, ұзақмерзімді тұрақтылық, құрылымдық денсаулықты бақылау, Брэгг толқын ұзындығы.</jats:p>