Abstract
<jats:p>Мақала қазақ фразеологизмдерін цифрлық платформа арқылы меңгертудің лингводидактикалық негізінің маңыздылығын саралауға бағытталған. Негізгі мазмұны қазақ халқының көркем ойлау жүйесінің тірегі болған тілдік бірліктердің мәдени-танымдық құрал ретіндегі қырын басшылыққа ала отырып, сөз саптау мәдениетін жандандыруға арналған. Мақсаты – 5-7-сынып оқушыларының сөз саптау мәдениетін қалыптастырудағы фразеологизмдердің рөлін айқындау және оларды цифрлық платформа арқылы меңгертудің лингводидактикалық негіздерін дәлелдеу. Зерттеу нысаны ретінде қазақ фрзеологизмдеріне қатысты І. Кеңесбаев, Ө. Айтбаев, Г. Смағұлова, Ж. Манкеева, А. Салқынбай, тағы басқа отандық және шетелдік ғалымдар тұжырымдары, олардың түсіндірме және фразеологиялық сөздіктердегі сипаттамалары, цифрлық платформаға негіз болар Э. Поллардтың рефлективті оқытуға қатысты зерттеулері алынды. Зерттеу барысында семантикалық, лингомәдени, этнолингвистикалық, құрылымдық-семантикалық және модульдеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесі фразеологизмдердің тек тұрақты тіркес емес, ұлттық дүниетаным мен мәдени жадыда жинақталған күрделі концептуалдық құрылым екенін көрсетті. Фразеологизмдердің бейнелілік, экспрессивтілік және бағалауыштық қасиеттері оқушының тілдік санасын дамытып, сөйлеу актісіндегі прагматикалық әсерді күшейтетіні анықталды. Сонымен қатар фразеологизмдерді цифрлық ортада контекст арқылы меңгертудің тиімділігі дәлелденіп, оларды меңгертудің негізгі лингводидактикалық принциптері (контекстік интерпретация, бейнелілік, ұлттық-танымдық мазмұн, жас ерекшелікті ескеру) айқындалады. Мақала нәтижелері қазақ фразеологизмдерін цифрлық платформа негізінде танытудың ғылыми-әдістемелік моделін қалыптастыруға және оқушылардың коммуникативтік құзыретін арттыруға бағытталған.</jats:p>