Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада қазақ классикалық ән орындау мектебінің қалыптасу мәселесі дәстүрлі халық ән айту тәжірибесі мен академиялық вокалдық орындау қағидаттарының өзара синтезі тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі жаһандану үдерісінде академиялық вокалдың стандартталған үлгілерінің басымдық алып, ұлттық интонациялық, тілдік және орындаушылық ерекшеліктерді екінші қатарға ығыстыруымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – қазақ классикалық ән орындау мектебінің теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау және оны дербес көркемдік-педагогикалық мектеп ретінде негіздеу. Зерттеу барысында салыстырмалы-талдамалық, мәдени-тарихи, орындаушылық-аналитикалық және педагогикалық әдістер қолданылды. Талдау нәтижесінде қазақ классикалық әнін орындауда музыкалық тұрғыда сауатты орындау мен көркемдік тұрғыда асқақтата шырқау ұғымдарының айырмашылығы айқындалып, ұлттық интонация, мелизматика, тембрлік бояу және мәтіннің орфоэпиялық дәлдігі негізгі айқындаушы факторлар ретінде анықталды.  Зерттеу қорытындылары қазақ классикалық ән орындау мектебін ұлттық музыкалық болмысты сақтай отырып, заманауи вокалдық педагогика мен кәсіби сахналық тәжірибеде тиімді қолдануға болатын дербес орындаушылық жүйе ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

орындау қазақ классикалық ән және

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect