Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Бұл мақалада оқушылардың оқу дербестігін арттыру мақсатында оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі емес әдістері қарастырылады, атап айтқанда, қалыптастырушы бағалаудың негізгі ұстанымдары мен оны сабақ үдерісінде қолданудың дидактикалық ерекшеліктері сипатталады. Биология сабағында қалыптастырушы бағалауды қолдану арқылы оқушылардың дербестiгiн дамыту жолдары жан-жақты айтылған. Сондай-ақ жиынтық және қалыптастырушы бағалау тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері талданады және отандық әрі шетелдік тәжірибедегі оқу дербестігін дамыту жолдары салыстырмалы түрде сараланады. Негізгі мектептегі биология пәнінде метапәндік нәтижелерге жету мақсатында қалыптастырушы бағалауды қолданудың тиімділігі тәжірибе және эксперимент негізінде дәлелденген. Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз ететін үздіксіз үдеріс болып табылады. Қазіргі уақытта дәстүрлі білім беру үлгісі қоғам мен технологияның жылдам дамуына толық сәйкес келмейді, сондықтан білім беру жүйесінде оқушылардың жетістіктерін бағалауда жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігі туындауда. «Білім берудегі дербестік» ұғымы педагогикада бұрыннан белгілі болғанымен, оны қалыптастыру әдістері белгілі бір тарихи кезеңдегі ғылыми-педагогикалық көзқарастарға байланысты өзгеріп отыратыны атап өтіледі. Бүгінде құзыреттілікке негізделген оқыту моделіне көшу аясында студентке бағдарланған тәсілдер маңызды рөл атқаруда. Сонымен қатар, «шекаралық» сипаттағы бағалау білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін тек өлшеу құралы ғана емес, сонымен бірге дидактикалық құрал ретінде де қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда, қалыптастырушы бағалау технологиясы педагогикалық диагностика ретінде метапәндік нәтижелерді қалыптастыру үшін және бағалау үшін тиімді қолданылатыны эксперименттік зерттеу нәтижелерімен дәлелденді. Зерттеу нәтижесінде қалыптастырушы бағалаудың тиянақты түрде оқу үдерісіне енгiзiлуi, оқушылардың белсендiлiгiн арттыруда оң көрсеткіштер көрсете алды. Оқушылар дербес шешiм қабылдап, ғылыми сөздік қоры биологиялық терминдермен толығып, өзiн-өзi бағалау және іс әрекеттерін рефлексиялау қабiлеттерiн меңгере алды. </jats:p>