Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Мақалада зерттеу құзыреттілігі түсінігі бойынша отандық және шетелдік еңбектер төңірегінде теориялық талдау жасалды. Білім алудың қазіргі тұлғалық-бағдарлық оқыту теориясы бойынша білім алушы педагогикалық процестің орталық фигурасы десек, оның дайын білімді игеруі және жаңғыртуы емес, алған білімді өз бетінше меңгеруі мен қолдануы да басымдыққа айналуы тиіс. Себебі тұлғаның дамуы үшін білімді тек есте сақтауы жеткіліксіз, ол бірлескен рефлексиялар, пікірталастар және зерттеу арқылы жүзеге асуы керек. Жеке тұлғаға деген құрмет тәрбие мен тәлімгерлікке ғана байланысты емес, студентпен қарым-қатынас кезінде әрдайым көрініс табуы тиіс. Демек, біздің жағдайымызда зерттеу құзыреттіліктері – болашақ биолог мамандарды кәсіби даярлаудың негізгі элементі. Біз ұсынып отырған материалдың құрылымдық жүйесі «зерттеу құзыреттілігі» ұғымының әртүрлі аспектілерде ұсынылу ерекшеліктерін көрсетеді. Ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріне жасалған бұл талдауды биолог мамандардың білім беру процесінің басқа ұғымдарын зерттеуде кеңінен қолдануға болады. Зерттеу нәтижелері биолог мамандардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі тұрғысынан идеяларды жетілдіруге бағытталған. Құзыреттіліктерді қалыптастыру барысында болашақ биолог мамандардың ғылыми ізденіс дағдылары, сыни ойлауы, деректерді жинауы мен талдауы, ғылыми мәтіндермен жұмыс жасауы, зертханалық жұмыстарды орындау, этикалық нормаларды сақтауы қамтамасыз етіледі.</jats:p>