Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада жазушы Бекен Ыбырайымның «Уран кеніші» және «SOS белгісі» әңгімелері экосын (экокритика) тұрғысынан талданады. Зерттеу аталған шығармалардағы адам мен табиғаттың қатынасын, экологиялық апат және ресурс өндірудің әдеби көрінісін Бьюэлл, Гаррард және Никсон сияқты әлемдік жетекші экосыншылардың теориялары аясында қарастырады. Зерттеудің мақсаты – экокритика ғылымының зерттеу нысаны мен зерттеу сұрақтарын анықтау, қазақ жеріндегі экологиялық мәселелерді экосын тұрғысынан талдау, әлемдік экологиялық мәселелермен салыстыру. Мақалада «баяу зорлық» (slow violence) концепциясы және экологиялық әділеттілік теориясы басты аналитикалық құрал ретінде қолданылады. Салыстырмалы экосын бағытында Бекен Ыбырайымның әңгімелері нигериялық жазушы Кен Саро-Виваның Shell компаниясының мұнай өндіруіне қарсылықтан туған прозасымен және Роб Никсонның «Баяу зорлық-зомбылық және кедейлердің қоршаған ортаға әсері» атты еңбегі көтерген экологиялық мәселелермен салыстырылады. Зерттеу нәтижелері Бекен Ыбырайым әңгімелерінің жаһандық экологиялық прозамен үндес екенін, сонымен бірге бұл әңгімелерде қазақтың ұлттық болмысы мен далалық табиғатқа деген ерекше байланыстың сақталғанын дәлелдейді. Мақала қазақ әдебиетіндегі экосынға арналған зерттеулердің дамуына теориялық үлес қосуды мақсат етеді. Болашақ экологиялық тақырыптарды Шнайдер-Мейерсонның эмпирикалық экосын тұжырымдамасы тұрғысынан, яғни оқырман реакциясы мен экологиялық сана қалыптастырудағы эмпирикалық экосынның ықпалы тұрғысынан зерттеуді ұсынады.</jats:p>

Show More

Keywords

экологиялық және экосын тұрғысынан мен

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect