Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақала қазақ тіл білімі тарихындағы синтаксис пен пунктуация теорияларының қалыптасуын, сондай-ақ ұлттық тілдік дидактиканың және оқыту әдістемесінің даму жолдарын тереңірек зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі, білікті әдіскер-педагог, профессор Қажым Аманғалиұлы Басымовтың (1896–1939) қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясына, сондай-ақ орфографиясы мен терминологиясын жүйелеуге қосқан ғылыми үлесін кешенді түрде талдау. Зерттеу әдіснамасы ғалымның 1930-жылдардағы іргелі ғылыми-әдістемелік еңбектеріне, оның ішінде «Ауыл мұғалімі» және «Халық мұғалімі» журналдарында жарияланған маңызды мақалаларына жүргізілген контент-анализ, тарихи-салыстырмалы және мәтіннамалық талдауларға негізделген. Зерттеу барысында Қажым Басымовтың синтаксисті оқытуға жалаң формальды емес, функционалдық-прагматикалық тәсілді алғашқылардың бірі болып енгізгені нақты анықталды. Оның сөйлем мүшелерін, әсіресе күрделі пысықтауыш санаттарын мағыналық топтарға жіктеудегі жаңашылдығы, сондай-ақ ауызекі сөйлеуге тән «толымсыз сөйлемдер» ұғымын ғылыми айналымға енгізуі нақты лингвистикалық мысалдармен дәлелденді. Бұған қоса, тыныс белгілерін қоюдағы интонациялық-логикалық принципі жан-жақты қарастырылып, оның Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанов сынды ізашарлардың еңбектерімен тарихи сабақтастығы айқын көрсетілді. Қорытындылай келе, ғалымның құрылымдық-функционалдық тұжырымдары қазақ тілін оқыту әдістемесінің және қазіргі коммуникативтік синтаксистің дамуына өте мықты іргетас болғаны ғылыми тұрғыдан толық негізделді. Бұл зерттеу ұлттық лингвистика тарихындағы ғалым мұрасының өзектілігін қайта жаңғыртады.</jats:p>

Show More

Keywords

қазақ және сондайақ ғылыми тарихындағы

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect