Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қожа Ахмет Ясауи – түркі сопылық ілімінің негізін қалаған көрнекті ойшыл, ақын және рухани ұстаз. Оның өміріне қатысты нақты деректердің бірі – 1166 жылы қайтыс болғаны. Бізге жеткен ең маңызды мұрасы – «Диуани хикмет» («Даналық кітабы»), онда сопылық дүниетаным мен адамгершілік құндылықтары кеңінен көрініс тапқан. Қожа Ахмет Ясауидің әкесі шейх Ибраһим Сайрам қаласындағы белгілі шейх болған. Оның рухани қалыптасуы Ясы қаласында (қазіргі Түркістан) өтті. Кейін Бұхараға барып, әйгілі сопы Юсуф Хамаданиден тәлім алды. Сопылық ілімді терең меңгергеннен кейін Ясыға оралып, Арыстанбаб қалыптастырған рухани дәстүрді одан әрі жалғастырды. Өмірінің соңғы кезеңін жер астындағы қылуетте өткізген. Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған «Хазірет Сұлтан» кесенесі бүгінде Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерінің ең көрнекті ескерткіштерінің бірі болып саналады. Қожа Ахмет Ясауи сопылық философияның дамуына зор үлес қосты. Оның ілімі бойынша, Құдай бүкіл болмыста мәңгілік өмір сүреді. Сонымен қатар, әрбір адамның бойында рухани кемелденуге мүмкіндік беретін қасиеттер бар. Ясауи адамның өмірлік мақсатына жетуі үшін Құдай оған таңдау еркіндігін берген деп түсіндіреді.</jats:p>

Show More

Keywords

рухани Қожа Ахмет Ясауи сопылық

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect