Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қызылорда облысы Қазақстан Республикасының экологиялық тұрғыдан ең осал аймақтарының бірі болып саналады. Арал теңізінің сарқылуы, замануи тазарту технологияларының жетіспеушілігі сонымен қатар антропогендік жүктемелердің артуы салдарынан туындаған теріс үдерістер халықтың денсаулығына, өңір экономикасы мен су ресурстары саласына айтарлықтай кері әсерін тигізуде. Қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің дамуы мен антропогендік жүктемелер төгінді сулардың орасан зор көлемде жиналуына әкелді. Бұл қалалар маңындағы қоршаған ортаның ластану қаупін күшейтіп, онсыз да өсіп келе жатқан экологиялық жағдайды одан әрі ушықтыруда. Осы жағымсыз үдерістерді басшылыққа алып Қызылорда қаласы мысалында төгінді суларды кәдеге жарату тұрғысында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Тәжірибе жұмыстары Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентіндегі модульдік биологиялық тазарту станциясында (МБТС) орындалды. МБТС- ның өнімділігі тәулігіне 6400 м³, қамтылған халық саны – 120,6 мың адамды құрайды. Нақты төгінді сулар көлемі: орташа - тәулігіне 2000 м³, ең жоғары - тәулігіне 5200 м³, тозу деңгейі – 18 %-ды құрап отыр. Кәріз желісінің жалпы ұзындығы - 1871 км, халықты қамту деңгейі – 30 %-ыз.Төгінді сулар жиналатын тоған ауданы 55 гектар, тереңдігі – 1,5 метрді құрайды. Ғылыми-зерттеу жұмысытары 100 м2 құрайтын аумақта жүргізілді. Қазахстан-16, Самур-68, Могар-КазНИИЗиР-80 малазықтық сұрыптары төгінді суларды қосымша тазарту арқылы суарылды.</jats:p>

Show More

Keywords

төгінді Қызылорда тазарту тәулігіне м³

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect