Abstract
<jats:p>Бидай өнімділігін арттыру үшін сорттардың абиотикалық күйзелістерге, мысалы, құрғақшылыққа, сондай-ақ биотикалық қатерлерге, соның ішінде қоңыр тат (Puccinia recondita) ауруына төзімділігі аса маңызды. Қоңыр тат ауруы, Қазақстанда бидайдың ең қауіпті ауруларының бірі болып табылады. Ол эпифитотиялық жылдары, әсіресе солтүстік және орталық өңірлерде, өнімнің 40-60%-ға дейін жоғалуына себеп болуы мүмкін. Бұл зерттелінген жұмыстың мақсаты: Алматы облысы, егіс алқапында егілген 52 жаздық бидай линияларының қоңыртат патогеніне және құрғақшылыққа төзімділігін анықтау үшін, табиғи егіс алқап жағдайында фитопоталогиялық бағалау жұмыстарын жүргізу болды. Жаздық бидай үлгілерінің қоңыр тат ауруына төзімділігін фитопатологиялық бағалау нәтижелерінде, (IT-0) иммунды реакция танытқан 9 бидай үлгілері анықталынды оларға: Линия 22 ЧС, Лютесценс 30, Лютесценс KS 14/09-2, Лютесценс 1300, Сибирская 21, ОмГАУ-100, Лют. 3/04-21-11, Тюменская юбилейная, Лютесценс 443 және Силач. Бидай үлгілерін бағалау нәтижесінде биомасса индексі жоғары нәтиже көрсеткен, (NDVI) көрсеткіштері 0,55-0,69 аралығында болған 38 үлгілер іріктеліп алынды. Ерте масақтану мерзімі бойынша екі бидай үлгілері анықталынды олар; Новосибирская 41 және Эритроспермум 24841. Құрылымдық талдау жұмыстары нәтижесінде, өсімдіктің биіктігі бойынша (75-85 см) жоғары нәтиже көрсеткен 7 бидай үлгілері анықталынды. Масақтың ұзындығы өлшеу нәтижесінде 10 см-ден асқан үш үлгі ерекшеленді. Масақтағы масақшалар саны бойынша, үлкен масақ түзілуіне ықпал еткен 17 бидай үлгілері анықталынды. Негізгі масақтағы дән саны бойынша орташа көрсеткішке ие деп 20 үлгі анықталды. Негізгі масақтағы дән саны бойынша жоғары көрсеткішке ие деп 23 үлгі ерекшеленді. Бидайдың негізгі масағындағы дән массасы бойынша 1 граммнан асқан ең жоғары нәтиже көрсеткен 13 бидай үлгілері анықталынды. 1000 дәндік массасы бойынша ең жоғары 42 г көрсеткіш көрсеткен Степная 245 бидай үлгісі ерекшеленді. Зерттеу нәтижесінде, Алматы облысында бидай үлгілерінің басым бөлігі қоңыр тат ауруына төзімсіз екендігін көрсетеді. Бидай өндірісінде қоңыр тат ауруына төзімді болып анықталған бидай үлгілерін пайдалану ұсынылады.</jats:p>