Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада Исмаил Гаспринскийдің публицистикасында мұсылман әйелі бейнесінің тұтас талдауының болмауы мәселесі қарастырылады. И.Гаспринский 1883 жылы Бахчисарайда “Терджиман” газетін шығара бастаған. Оның ағартушылық, баспа және реформаторлық қызметіне арналған көптеген еңбектерге қарамастан, “әйелдер мәселесі” жеке зерттеу тақырыбына айналмады, ал 1883-1890 жылдардағы мақалаларды жүйелі түрде зерттеу жүргізілмеді. Тақырыптың өзектілігі И. Гаспринскийдің 1887-1890 жылдардағы публицистикалық мұрасының басым бөлігі орыс тілінде ғылыми айналымға тек 2019 жылы енгізілгендігімен анықталады. Бұл оның талдауына жәдидшіліктің гендерлік саясатын түсіну үшін ерекше мән береді және жәдидтік дискурс шеңберінде әйелдер мәселесін зерттеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Талдаудың негізгі ұғымы ретінде бейнені құрастыру-яғни “Терджиман” газетінің мақалалары, жазбалары мен фельетондары арқылы дәстүрлі стереотиптерден де, батыстық үлгілерден де өзгеше әйел субъектілігінің жаңа моделінің қалай қалыптасқаны алынады. Мақаланың мақсаты И. Гаспринскийдің 1883-1890 жылдары “Терджиман” газеті беттерінде саналы түрде қалыптастырған мұсылман әйелінің тұтас бейнесін қайта жаңғырту. Зерттеудің методологиялық негізін дискурс-талдау, мазмұн-талдау, Нира Юваль-Дэвистің гендерлік тәсілі, сондай-ақ И.Гаспринскийдің публицистикасын қазақтың “Дала уалаяты” газетінің материалдарымен салыстыруға мүмкіндік беретін салыстырмалы әдіс құрайды. Дискурс-талдау негізгі мағыналық қарама-қайшылықтарды, мысалы “дәстүр мен жабықтықты”-“білім мен дербестікке” қарсы қоюды, сондай-ақ И. Гаспринскийдің шариғатқа жүгіну арқылы әйел құқықтарын негіздеу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Мазмұн-талдау мақалаларды үш негізгі категорияға:діни-құқықтық,әлеуметтік-демографиялық және нақты мысалдарға негізделген бағыт бойынша бөлуге мүмкіндік береді. Нира Юваль-Дэвистің гендерлік теориясы аясында әйел бейнесі ұжымдық бірегейліктің символы ретінде түсініледі. Зерттеудің негізгі нәтижесі-И. Гаспринскийдің мұсылман әйелі бейнесін құрастыруда нені негізге алғанын қайта қарастыру. Ол әйелдерді босатудың батыстық үлгілерін көшірмеген, өзіндік бейнені ислам дәстүріне, әйелдің қоғам үшін практикалық пайдасына және нақты өмірлік оқиғаларға сүйене отырып жасағанын түсіну маңызды. Мұндай тәсіл “пассивті шығыс әйелі” стереотипінен бас тартуға және оны қоғамдық өмірдің белсенді қайраткері ретінде танытуға мүмкіндік береді. Мақала жәдид мерзімді баспасөзіндегі гендерлік аспектілерді зерделеудегі олқылықты толтырады және мерзімді баспасөздің дәстүрлі қоғамда әлеуметтік рөлдерді қайта қарау құралына айналғанын көрсетеді.</jats:p>

Show More

Keywords

және Гаспринскийдің гендерлік береді негізгі

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect