Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада XVII–XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты тарихы бойынша бірқатар тарихнамалық деректерді талдау нәтижесінде тақырыптың зерттелу деңгейі анықталады. Зерттеудің мақсаты – XVII–XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты тарихының қазіргі кезеңдегі отандық тарихнамасына шолу жасау. Ұзақ уақыт бойы Қазақ хандығының сыртқы саясаты тарихы арнайы зерттеу нысанына айнала қоймады. Тек соңғы жылдары қазақстандық тарихшылар бұл мәселеге назар аудара бастады. Тәуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымында Қазақ хандығының алыс және жақын елдермен өзара қатынастары кеңестік кезеңмен салыстырғанда біршама тереңірек зерттеліп келеді. Еңбектердің қатары көбейіп қана қоймай, олардың деректік базасы кеңейді. «Мәдени мұра», «Архив – 2025» мемлекеттік бағдарламалары аясында жарияланған тарихи деректер ғылыми айналымға енгізілді. Шетелдік архив қорларында сақтаулы деректер анықталып, архив құжаттары мен материалдарының жинақтары шығарылды. Мәнжу тіліндегі дипломатиялық хаттар қазақ тіліне аударылып, оларға тарихи-деректанулық зерттеулер жүргізілді. Жаңа тарихи таным, методологиялық ұстанымдар бойынша тың ғылыми тұжырымдар жасалды. Тарихшылар тұжырымдарының шетелдік ғалымдардың пікірлерімен үндес болып жататын тұстары да байқалады. Дегенмен отандық зерттеушілер мәселені ұлттық мүддеде, заманауи зерттеу әдістері тұрғысынан зерделеуде. Зерттеулерде көрсетілген кезеңдегі Қазақ елінің Орталық Азия, Ресей мемлекеттерімен, башқұрт, қырғыз, жоңғар қатынастары, Әбілқайыр, Абылай, Уәли хандар мен сұлтандардың сыртқы саясаты көрініс тапты. Тәуелсіздік кезеңінде тарихшылар қазақ-орыс, қазақ-өзбек, қазақ-жоңғар байланыстарын қарастырған. Сол себепті тарихнамадан осы қатынастар зерделенген еңбектерге басымдылық берілген. Қазақстандық тарих ғылымында XVII–XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты тарихының тарихнамасы талданбаған. Мұның себебін отандық тарихнама ғылымының ұзақ уақыт бойы кенже қалуымен және Қазақ хандығы, оның сыртқы байланыстарын зерттеушілердің ұлтшылдарға жатқызылуымен, тарихшылардың күрделі саяси мәселелерді айналып өтуімен түсіндіруге болады. Қазақ хандығының сыртқы саясаты тарихы бойынша деректердің мардымсыздығы да мәселені зерделеуде қол байлау болғаны жасырын емес. Тек соңғы уақыттарда ғана бұрын-соңды беймәлім болып келген тарихи деректер анықталуда. Солардың негізінде жаңа тарихи таным бағытында дайындалған зерттеулер жарық көруде. Тарихнамалық шолу Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастарын тың деректер бойынша терең әрі кешенді түрде зерделеу қажеттілігін анықтады. Қазақ-түрік, қазақ-парсы, қазақ-қытай, қазақ-әзербайжан байланыстарын бұрын-соңды ғылыми айналымға енгізілмеген архив құжаттары негізінде зерделеу ғылым үшін маңызды екендігі дәйектелді. Сондай-ақ қазіргі Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясатын ары қарай ұтымды жүргізу үшін оның өткен уақыттардағы тәжірибесін зерттеудің қажеттілігі анықталды.</jats:p>

Show More

Keywords

Қазақ сыртқы хандығының саясаты бойынша

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect