Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада солтүстік-шығыс Жетісу жерінде орналасқан ортағасырлық Қойлық қаласының (жазба деректерде Қойлық, Пулад атауларымен белгілі) тарихи дамуы мен археологиялық зерттелу кезеңдері қарастырылады. Қойлық – орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды саяси, экономикалық және мәдени орталықтардың бірі болған қала. Зерттеу барысында жазба деректер мен археологиялық материалдар кешенді түрде талданып, қаланың аймақ тарихындағы орны айқындалады. XIII ғасырда Жетісу өңірі арқылы Моңғолияға сапар шеккен еуропалық саяхатшы әрі француз елшісі Гильом де Рубруктың еңбектері орта ғасырдағы Қойлық қалашығының тарихын зерттеудегі маңызды дереккөздердің бірі болып табылады. Оның жазбаларында Қойлықтың ірі сауда орталығы ретінде сипатталуы, сондай-ақ қала тұрғындарының этникалық және діни құрамының алуандығы жөнінде құнды мәліметтер берілген. Сонымен қатар мақалада В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, М. Тынышбаев, К.М.Байпақов сияқты отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми көзқарастары қарастырылып, Қойлық қаласының орналасуы мен тарихи маңызына қатысты пікірлері салыстырмалы түрде талданады. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қойлық қаласының орны қазіргі Алматы облысы Сарқант ауданы аумағында, Қойлық ауылының шығыс бөлігінде орналасқан Антоновка қалашығына сәйкес келетіні дәлелденді. 1998 жылдан бастап жүргізілген кешенді қазба жұмыстары қаланың ішкі құрылымын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында цитадель, шахристан және рабад аймақтары белгіленіп, қаланың жоспарлы құрылымы қалпына келтірілді. Қазба барысында әртүрлі діни ғимараттардың қалдықтары табылып, Қойлық қаласында ислам, буддизм және манихейлік сенімдердің қатар өмір сүргені анықталды. Атап айтқанда, мешіт, будда ғибадатханасы, манихейлік шіркеу және сопылық бағыттағы ханака тәрізді нысандардың орындары зерттелді. Бұдан бөлек, қоғамдық және тұрмыстық сипаттағы құрылыстар: моншалар, кесенелер, тұрғын үйлер мен шаруашылық кешендер анықталып, қаланың әлеуметтік құрылымы жөнінде жаңа деректер алынды. 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында археологиялық зерттеулер ауқымы кеңейіп, қаланың мәдени қабаттары тереңінен зерделенді. Бұл жұмыстар Қойлықтың Жетісу өңіріндегі ғана емес, халықаралық сауда қатынастары жүйесіндегі орнын нақтылауға мүмкіндік берді. Қазба нәтижесінде табылған археологиялық олжалар арасында жергілікті өндіріс бұйымдарымен қатар Қытай мен Ираннан жеткізілген заттар, сондай-ақ Қойлықта соғылған теңгелер анықталды. Аталған материалдар қаланың экономикалық байланыстарының кең болғанын және қолөнер мен сауданың жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Жалпы алғанда, мақала Қойлық қаласының ортағасырлық Жетісу тарихындағы қалалану, мәдени және экономикалық үдерістердегі маңызын кешенді түрде ашып көрсетеді.</jats:p>

Show More

Keywords

Қойлық және мен қаланың Жетісу

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect