Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Интертемәтінділік дегеніміз – белгілі бір мәтін мен басқа мәтіндер арасындағы тікелей немесе жанама байланыс. Авторлар мұндай байланыс құруда түрлі әдістер пайдаланады. «Қайта жазу» – ең көп таралған әдістердің бірі. Қайта жазу дегеніміз – бұрыннан бар мәтінді кейінгі заман жағдайларына сәйкес жаңа көзқараспен және арнайы мақсатпен қайтадан жазу. Әдебиеттегі «нәзирагөйлік» дәстүрін де интермәтіннің жарқын үлгісі ретінде қарастыра аламыз. Интермәтінділік әдісін қолданатын автор бастапқы мәтінді түрлендіреді, өз шығармасында оның оқиға желісін қолданады, кейде қайта жазады және мағынаның жаңа өрісін жасайды. Осылайша, бастапқы мәтін негізінде жаңа мәтін жасалады. Қазіргі заманғы авторлар түрлі себептермен интермәтінділік және қайта жазу әдістеріне жүгінеді. Бір авторлар бұл әдісті постмодерндік көзқарасқа байланысты пайдаланса, енді біреулері ұжымдық жадты сақтау және тарих пен қазіргі заман арасында көпір салу үшін қолданады. Қазақстан мен Түркияда түркі әдебиетінің негізгі мәтіндерінің бірі – Орхон жазбаларына интермәтіндік сілтемелер жасайтын романдар жазылған. Алайда бұл мәтіндерді жасанды интеллект арқылы қайта жазу және талдау жұмыстары жүргізілген жоқ. Бұл мақалада түркілердің көне жазба ескерткіштері – Күлтегін және Тоныкөк мәтіндері ChatGPT жасанды интеллект бағдарламасы арқылы екі түрлі заманауи әңгіме жасау үшін қайта жазылды. Мақала Орхон мәтіндеріне заманауи әңгімелеу техникасы мен психологиялық тәсілдер арқылы тереңдік қосқанын анықтауға бағытталған. Зерттеу жұмысында түпнұсқа мәтін мен жасанды интеллект қайта жазған заманауи мәтін салыстырмалы түрде талданды. Бұл талдаулар маңызды қорытындылары көрсетті. Күлтегін ескерткішінің түпнұсқасы шешендік стильде, өсиет түрінде жазылған. Кейінгі ұрпаққа бағытталған бұл әдеби мәтінде сұрақтар болғанымен, адамдар арасындағы диалог жоқ. Ал жасанды интеллект жазған заманауи әңгімеде оқиғалар өрбиді және кейіпкерлердің сипаттамаларына байланысты диалогтар қамтылған. Диалогтардың басты міндеті – оқиға кейіпкерлері арасындағы әңгімелер арқылы ескерткіште бабаларымыз айтқан ескертулерді толығырақ көрсету. Сонымен қатар жасанды интеллект жасаған мәтіндегі маңызды аспект ретінде кейіпкерлердің психологиялық күйлерін ашу үшін ішкі талдау әдістерін қолданғанын айта аламыз. ChatGPT жасанды интеллект бағдарламасы Тоныкөк ескерткішінің мәтінін қайта жазып, бүгінгі әлем мен империалистік жүйені сынайтын әңгіме жасады. Әңгімеде ұлттық жадты сақтау оқырманға осы жаңа тәртіпте өмір сүрудің жалғыз жолы ретінде ұсынылады. Тасқа жазып қалдырған мәтіндерімен түркілердің ұлттық жадын сақтапқалған Тоныкөк өз болмысын жатсынатын кейінгі ұрпақты оятуға тырысады. Мақаладағы гипермәтіндер толығымен ChatGPT жасанды интеллект бағдарламасы арқылы жазылды.</jats:p>

Show More

Keywords

және жасанды интеллект қайта мәтін

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect