Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада XIII-XIV ғасырлардағы отбасылық құқықтық құжаттардың мысалдары ретінде көне ұйғыр тіліндегі үш бала асырап алу шарты (Ad01-Ad03) жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің мақсаты: бала асырап алу туралы келісімнің стандартты үлгісін анықтау, баланың мәртебесін, мүліктік шарттарын, мәмілені қорғау тетіктерін және бала асырап алу құқығын растау рәсімдерін белгілейтін құқықтық терминологияны сипаттау. Көне ұйғыр келісімдері – күнделікті құқықтық нормалар мен әлеуметтік тәжірибені қайта құрудың негізігі ақпараттық көзі. Дегенмен, бала асырап алу тақырыбына арналған мәтіндердің аздығы мұқият құжаттық талдауды және түсіндіруді талап етеді. Зерттеудің өзектілігіне тоқталар болсақ, көне ұйғыр құқықтық құжаттары арқылы біз көне түркілердің құқықтық лексикасының қалыптасу деңгейін анықтай аламыз. Қазіргі түркі тілдерінің құқықтық терминдерін салыстыруға, тереңірек түсінуге мүмкіндік аламыз. Зерттеу өзара байланысты екі саланы қамтиды. Біріншіден, формулярлық талдау жүргізіледі: әрбір құжатта күні, тараптардың аты-жөні, бала асырап алудың құқықтық актісі, мінез-құлық шарттары, өтемақы туралы бөлім, тыйымдар мен санкциялар, сондай-ақ хаттаманың элементтері (куәгерлер, қолы/мөр, хатшының жазбасы) жеке-жеке салыстырып көрсетіледі. Екіншіден, заңдық мәні бар бірліктер семантикалық салаларға жіктеледі: «статус/туыстық», «өтеу және мүлік», «санкциялар және заңдылық», «аутентификация». Тұжырымдамалардың нақтылығын арттыру үшін сандық әдіс қолданылды: заң терминдерінің қолданылу жиілігі (жеке санау) есептеліп, олардың әрбір құжатта таралуы көрнекі түрде көрсетілді. Зерттеу нәтижелері Ad01–Ad03 құжаттарының тұрақты формулалық құрылымы бар екенін көрсетті. Мұндағы ең маңызды термин – oğulluk (асырап алынған ұл). Бұл – бала асырап алушының міндеттерін және мәміленің негізгі құрамдас бөлігі ретінде баланың құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету үшін берілетін ұғым. Süt sevinci (сүт ақысы) өтемақысының болуы міндетті емес: кейбір келісімшарттарда ол қарастырылмаған. Бұл айырмашылық бала асырап алуды баланы сатудан немесе кепілге беруден ажыратуға және оны «тауар мәмілесі» емес, «мәртебе беру актісі» ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Санкциялау бөлімінде ресми құқықтық терминологияның элементтері қолданылады. Ал аутентификациялық маркерлер (tanuq, tamga/nişan, bitidim)келісімшарттың дәлелдік негізін құрып, жаңа мәртебенің заңды тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Талқылау бөлімінде сақталған барлық құжаттар тек ұл балаларды асырап алғанын көрсетеді. Бұл патрилиниялық (ерлер басымдығына негізделген) отбасы құрылымындағы «ұлдың» мұрагерлік және шаруашылық қызметімен түсіндіріледі. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – бала асырап алу келісімшарттарын сипаттаудың жаңа моделін ұсыну және алдағы терминологиялық, салыстырмалы-тарихи зерттеулерге қажетті құқықтық лексиканы жүйелеу.</jats:p>

Show More

Keywords

құқықтық асырап бала және алу

Related Articles

PORE

About

Connect