Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Бұл жұмыста нейтрондық интерферометрия деректері негізінде Юкава типті қысқа-қашықтықтағы өзара әсерлесулерге талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты — ангстремдік масштабтағы ықтимал гравитациялық модификациялардың әсерін тексеру және олардың параметрлеріне эксперименттік шектеулер қою. Нейтронның кристалда когерентті шашырауын сипаттайтын теориялық модель аясында нормаланған b(Q)/b(0) шашырау амплитудасының импульс берілісіне тәуелділігі қарастырылды. Бұл модельде Стандартты модель шеңберіндегі негізгі әсерлесулер ескеріліп, қосымша ықтимал әсер ретінде Юкава типті түзету енгізілді. Нәтижесінде толық теориялық тәуелділік Стандартты модель үлесі мен жаңа әсерлесудің қосындысы ретінде өрнектелді. Эксперименттік деректермен салыстыру нәтижесінде өлшенген шамалар теориялық болжамдармен жақсы сәйкес келетіні және жүйелі ауытқулар байқалмайтыны анықталды. Осыған байланысты жаңа күшті тікелей анықтау мүмкін болмағанымен, оның ықтимал үлесіне қатаң шектеулер қойылды. Жүргізілген сәйкестендіру нәтижесінде λ≈0.1–1 Å диапазонында αG параметрінің жоғарғы мәндері анықталды. Алынған нәтижелер көрсеткендей, егер қысқа-қашықтықтағы қосымша өзара әрекеттесу бар болса, оның күші гравитациямен салыстырғанда айтарлықтай әлсіз болуы тиіс. Бұл нейтрондық интерферометрияның атомаралық масштабтарда жоғары сезімтал әдіс екенін және оның жаңа физиканы іздеуде тиімді құрал ретінде қолданылатынын көрсетеді.</jats:p>