Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл зерттеу STEM білім беру жағдайында физиканы оқыту тәжірибесін болашақ физика мұғалімдерін даярлау жүйесіне жүйелі енгізудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындауға бағытталған. Зерттеу алты кезеңнен тұратын ұзақ мерзімді аралас әдіснама негізінде ұйымдастырылды: қажеттіліктерді талдау, білім беру бағдарламасын әзірлеу, тәжірибелік енгізу кезеңі, енгізуден кейінгі бағалау, бір жылдан кейінгі мониторинг және нәтижелерді университеттік даярлау мазмұнына трансформациялау. Алғашқы кезеңде Алматы облысының 164 физика мұғалімінің STEM бағытындағы кәсіби даярлық деңгейі сарапталды. Талдау нәтижелері мұғалімдердің едәуір бөлігінде пәнаралық интеграция, жобалық оқыту және зерттеушілік әрекетті ұйымдастыру құзыреттерінің жеткіліксіз екенін көрсетті. Курс қатысушылары тарапынан STEM бағытындағы сабақтарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық пен дайын оқу-әдістемелік материалдарға қажеттілік айқындалды. Осы қажеттілік негізінде «Физиканы оқытуға STEM элементтерін интеграциялау» атты 80 академиялық сағаттық кәсіби дамыту курсы әзірленді. Бағдарлама пәнаралық ықпалдастық, жобалық және проблемалық оқыту, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру және кәсіби рефлексия қағидаттарына сүйенді. STEM тәжірибесі жоқ 46 мұғалім аталған бағдарлама бойынша даярлықтан өтті. Айқындалған әдістемелік сұранысқа сәйкес зерттеу аясында 10-сыныпқа арналған STEM бағытындағы элективті курс құрылымы мен әдістемелік қамтамасыз ету кешені әзірленді. Бұл курс физикалық білімді өмірлік жағдаяттармен байланыстыруға, оқушылардың сыни ойлау, талдау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға бағытталды. Енгізуден кейінгі бағалау және бір жылдық мониторинг барысында курсқа қатысқан мұғалімдерден алынған кері байланыс олардың алған білімдері мен әдістемелік тәсілдерін мектеп тәжірибесінде белсенді қолдана бастағанын көрсетті. Мұғалімдер STEM жобаларын сабақ құрылымына енгізіп, элективті курс материалдарын тәжірибеде пайдаланғанын атап өтті. Алынған нәтижелер мектеп тәжірибесінде тиімділігі дәлелденген STEM мазмұнын болашақ физика мұғалімдерін даярлау бағдарламасына жүйелі енгізудің ғылыми негізін қалыптастырады. Түйін сөздер: STEM білім беру, физиканы оқыту, болашақ мұғалімдерді даярлау, педагогикалық эксперимент, кәсіби құзыреттілік, пәнаралық интеграция.</jats:p>

Show More

Keywords

stem және оқыту даярлау кәсіби

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect