Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Бұл мақалада информатика сабақтарын қолдау мақсатында Telegram мессенджерінде білім беру чат-ботын әзірлеудің теориялық, әдістемелік және технологиялық негіздері қарастырылады. Чат-боттарды білім беру ортасына енгізудің педагогикалық маңызы талданады, олардың білім алушылардың білімді меңгеру қарқынына, оқу мотивациясына және дербес үйрену қабілетіне әсері сипатталады. Telegram платформасында чат-бот жасау кезеңдері толық қарастырылып, білім беру контентін тиімді құрылымдау жолдары ұсынылады. Сонымен бірге білім беру чат-ботының функционалдық мүмкіндіктері, білім базасын ұйымдастыру тәсілдері және оны оқу үдерісіне енгізу тиімділігі жан-жақты бағаланады. Зерттеудің мақсаты – білім алушылардың практикалық даярлығын қолдауға бағытталған білім беру чат-ботын мессенджер платформасында әзірлеу технологиясының тұжырымдамалық моделін құру. Мақалада чат-ботты оқытушының көмекші құралы ретінде қалыптастыруға қатысты ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылып, оны жобалаудың әдістемелік және технологиялық компоненттеріне басым назар аударылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мессенджердегі чат-бот форматында білім алушылардың практикалық дайындығын сүйемелдеуге арналған құралды әзірлеу технологиясын кешенді сипаттаумен айқындалады. Зерттеу нәтижелері білім беру чат-ботын әзірлеу кезеңдерін баяндауды, оны құрудың барлық сатыларында генеративті нейрондық желілер функционалын қолдану тетіктерін талдауды, сондай-ақ білім алушылардың сұраныстарына жауаптарды атаулы түрде тұжырымдау мақсатында чат-боттарды баптауға арналған промттардың (мәтіндік нейрожелілерге бағытталатын тапсырмалық сұраныстардың) үлгілерін ұсынуды қамтиды.</jats:p>