Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі заманда білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы оқу үдерісін жаңа деңгейге көтерді. Әсіресе қазақ тілі пәнінде оқу сауаттылығын қалыптастыру мен оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіруде цифрлық құралдардың маңызы ерекше. Бұл мақалада заманауи цифрлық технологиялардың қазақ тілін оқытудағы тиімділіктері қарастырылып, оқу дағдыларын дамытудағы мүмкіндіктері жан-жақты талданады. Әлемдік білім беру тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүрген онлайн-платформалар, электронды кітаптар, интерактивті жаттығулар, мультимедиялық ресурстар және білімді бағалау жүйелері қазақ тілі пәнінде қолданудың нәтижелерімен байланыстырылады. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың оқушының қызығушылығын арттырудағы, мәтінді түсіну дағдыларын жетілдірудегі, шығармашылық ойлауын дамытудағы рөлі айқындалады. Оның ішінде өзіндік орыны бар платформалар Magiс school, Diffit, To teach AI, Ustaz AI, Shyraq, Activespire және т.б. Мақаланың негізгі мақсаты – қазақ тілі пәнінде оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту процесінде заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын ғылыми тұрғыда негіздеу, олардың оқушылардың оқу сауаттылығына тигізетін ықпалын анықтау. Міндеттері: Қазақ тілін оқытудағы оқу дағдыларының мәні мен ерекшеліктерін айқындау. Заманауи цифрлық технологиялардың білім беру саласында қолданылу тәжірибесін сараптау. Қазақ тілі пәнінде оқу сауаттылығын дамытудағы электрондық ресурстардың тиімділігін көрсету. Цифрлық технологиялар арқылы оқушылардың сыни ойлау, мәтінді талдау және түсіну қабілеттерін дамыту жолдарын ұсыну. Ғылыми жаңалығы. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілі пәнін оқытуда цифрлық технологияларды қолданудың ғылыми негіздері жүйеленіп, оқу дағдыларын жетілдірудің инновациялық әдістері ұсынылады. Сонымен қатар, қазақ тілінде оқу сауаттылығын дамытуға арналған цифрлық ресурстарды тиімді пайдаланудың жаңа үлгілері айқындалады. Бұл зерттеу цифрлық педагогиканың қазақ тілін оқытудағы орнын терең түсіндіруге, жаңа әдістемелік құралдарды қалыптастыруға үлес қосады.</jats:p>

Show More

Keywords

оқу цифрлық қазақ тілі дағдыларын

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect