Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Аннотация. Қазіргі білім беру жүйесінде болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын арттыру мәселесі өзін-өзі реттеу қабілетінің қалыптасуымен байланысты. Өзін-өзі реттеу тұлғаның саналы мақсат қоя алуы, оқу әрекетін жоспарлауы, өз іс-әрекетін бақылауы, нәтижелерді бағалауы және эмоциясын басқаруы. Осыған байланысты болашақ педагогтардың өзін-өзі реттеуінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау ғылыми және практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып отыр. Мақалада теориялық талдау жасалып, студенттермен сауалнама жүргізіліп, өзін-өзі реттеудің мақсат қою, жоспарлау, өзіндік бақылау, нәтижені бағалау және эмоциялық реттеу сияқты негізгі құрамдас бөліктері қарастырылып отыр. Зерттеудің жетекші идеясы болашақ педагогтардың өзін-өзі реттеуін кәсіби қалыптасудың маңызды психологиялық және педагогикалық алғышарты ретінде негіздеу болып табылады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы болашақ педагогтардың өзін-өзі реттеу қабілетінің психологиялық және педагогикалық ерекшеліктеріне тоқтала отырып, сондай-ақ оның құрылымы мен мазмұнын нақтылауымен сипатталады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы студенттердің өзін-өзі реттеу стилі эмпирикалық тұрғыда анықталып және оны компоненттер бойынша нақтыланды. Зерттеу барысында студенттердің өзін-өзі реттеу стилі алты компонент (мақсат қою, жоспарлау, өзіндік бақылау, әрекетті түзету, нәтижені бағалау, эмоциялық реттеу) негізінде талданып, аталған әр компонентке ғылыми тұрғыда толық сипаттама берілді. Студенттердің бойында осы алты компонент бойынша қабілеттері қаншалықты дұрыс дамығаны, қандай жеңгейде және қай жерден ақсап тұрғаны анықталып, зерттелді. Сонымен қатар, зерттеу материалдары болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын арттыруға арналған оқу-әдістемелік құралдарда, тренингтердің мазмұнын жобалауда, педагогикалық практика барысында студенттердің оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыруда қолдануға ұсынылады. Түйін сөздер: өзін-өзі реттеу,  жоспарлау, модельдеу, бағдарламалау, бағалау, икемділік, дербестік</jats:p>

Show More

Keywords

өзінөзі реттеу және болашақ педагогтардың

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect