Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада қазіргі білім беру жүйесінде болашақ көркем еңбек мұғалімдерін даярлау үдерісі тек кәсіби-пәндік біліммен шектелмей, олардың тарихи-мәдени санасын қалыптастыруға, эстетикалық талғамын жетілдіруге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуда. Осы тұрғыдан өнертанымдық өлкетану – мұғалімдерді даярлаудың өзекті бағыты болып табылады. Өнер тарихын, ұлттық қолөнерді және жергілікті мәдени мұраны оқу үдерісіне енгізу студенттердің рухани дүниесін байытып қана қоймай, олардың кәсіби құзыреттілігін арттырады. Сонымен қатар, технологиялық құралдармен кіріктіре оқыту студенттердің қолданбалы дағдыларын дамытып, болашақ кәсіби қызметке жан-жақты даярлауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының мақсаты – болашақ көркем еңбек мұғалімдерін өнертанымдық өлкетану негізінде даярлаудың тиімді жолдарын анықтау болып табылады. Зерттеу әдістері Зерттеу барысында болашақ көркем еңбек мұғалімдерін өнертанымдық өлкетануға даярлаудың тиімділігін анықтау үшін кешенді әдістер қолданылды. Алдымен тақырыпқа қатысты ғылыми еңбектерге теориялық талдау жүргізілді. Студенттердің қызығушылығы мен кәсіби даярлық деңгейін анықтау үшін сауалнама қолданылып, педагогикалық эксперимент барысында бастапқы (pre-test) және қорытынды (post-test) көрсеткіштер салыстырылды.Зерттеу нәтижелері Зерттеу нәтижесінде студенттердің өнертанымдық өлкетануға қызығушылығы артқаны анықталды: өлкетану материалдарына қызығушылық танытқан студенттердің үлесі 43%-дан 79%-ға дейін өсті; ұлттық өнер элементтерін шығармашылық жұмыстарда қолдану деңгейі 41%-дан 82%-ға жетті. Сонымен қатар, студенттердің орташа жалпы ұпайы 56-дан 84-ке дейін көтерілді. Бұл нәтижелер ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдеп, болашақ көркем еңбек мұғалімдерінің кәсіби даярлығы мен мәдени-шығармашылық құзыреттілігінің жоғарылағанын көрсетті.</jats:p>

Show More

Keywords

болашақ студенттердің көркем еңбек өнертанымдық

Related Articles

PORE

About

Connect