Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі тарихи білім беру парадигмасы білім алушылардың тарихи санасын, сыни ойлау қабілетін, дереккөздермен жұмыс дағдыларын қалыптастыруды негізгі басымдық ретінде қарастырады. Бұл тұрғыдан алғанда архив материалдарын оқу үдерісіне енгізу тарихи оқиғалардың көпқырлы табиғатын терең түсіндіруге, тоталитарлық жүйенің репрессивтік саясатын шынайы, дәлелді және тұлғалық деңгейде ашуға мүмкіндік береді. Әсіресе, қуғын-сүргін құрбандарының нақты тағдырына қатысты тергеу істері, тінту актілері, хаттар мен реабилитация құжаттары тарихи шындықты тек мәтіндік баяндаудан гөрі, деректік айғақтар арқылы меңгеруге жол ашады. Сондықтан, архив материалдарын пайдалану Қазақстан тарихын оқытудың ғылыми дәлдігін арттырып қана қоймай, білім алушылардың тарихи эмпатиясын, азаматтық жауапкершілігін және ұлттық жадыны түсіну қабілетін күшейтеді. Зерттеудің мақсаты – 1920–1950 жж. саяси қуғын-сүргін тарихын Оңтүстік Қазақстан материалдары негізінде оқытуда архив құжаттарын пайдаланудың ғылыми-әдістемелік мүмкіндіктерін анықтау және оларды жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын ұсыну болып табылады.  Зерттеу барысында теориялық-тарихнамалық талдау, архивтік-деректанулық талдау және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.  Зерттеу нәтижелері архив материалдарын жүйелі пайдалану білім алушылардың деректанулық мәдениетін, тарихи ойлау операцияларын (салыстыру, дәлелдеу, интерпретациялау, бағалау), тарихи контекстіні түсіну қабілетін айтарлықтай арттыратынын көрсетті. Сонымен бірге, архив материалдарын қолдану болашақ тарих мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, тарихи фактілерді шынайы талдау және дәлелге негізделген тарихты оқыту дағдыларын меңгеруге мүмкіндік берді. Ұсынылған зерттеу архив материалдарына сүйенген Қазақстан тарихын оқытуды жаңғыртудың тиімді әдістемелік бағыты екенін дәлелдейді және тарихи білім беруді ғылыми-деректік негізде күшейтуге ықпал етеді.</jats:p>

Show More

Keywords

тарихи білім архив және материалдарын

Related Articles

PORE

About

Connect