Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада Қожа Ахмет Ясауидің «Хикметтеріндегі» «кемел адам» концептісінің көркемдік-философиялық мазмұны жан-жақты талданады. Аталған ұғымның Ибн Араби сияқты мұсылман ойшылдарының еңбектерінен бастау алып, сопылық ілімде ерекше орын иеленгені және қазақ рухани кеңістігінде, әсіресе Абайға дейінгі кезеңде тұрақты түрде көрініс тапқаны қарастырылады. Ясауидің «Хикметтеріндегі» «кемел адам» концептісі сопылық дәстүрден бастау алатын және қазіргі әдеби үдерістегі көріністеріне дейін жалғасатын рухани-танымдық сабақтастық ретінде зерттеледі. Зерттеу материалы ретінде Р. Сыздықованың «Ясауи хикметтерінің тілі» атты еңбегі мен Ташкент қолжазба нұсқасы негізге алынып, солар арқылы мәтіннің тілдік, дүниетанымдық және концептуалдық ерекшеліктері айқындалады. Мақалада өзінің шынайы адамдық болмысынан ажыраған адам бейнесі мен рухани кемелдікке жеткен тұлға бейнесі салыстырылып, олардың қоғам өміріндегі мәні мен рөлі ашылады. Әртүрлі ғалымдардың көзқарастары негізінде кемел адамның әлем мен қоғамды ақиқат жолына бастайтын, әділет пен туралықты орнықтыратын, жағымсыз әдеттерді сынайтын және ізгілік пен тәртіпті насихаттайтын тұлға ретіндегі қызметі талданады. Сонымен қатар сопылық ілімдегі кемелдік ұғымының тарихи қалыптасуы, оның түркілік дүниетаныммен байланысы және қазақ рухани мәдениетіндегі сабақтастық арналары көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында семантикаға, Ясауи мұрасына, сопылық дүниетанымға және «кемел адам» концептісіне қатысты пәндерді оқытуда, сондай-ақ осы бағыттардағы ғылыми зерттеулерде пайдаланылуы мүмкін. Түйін сөздер: Ясауи, «Хикметтер», «кемел адам», концепт, когнитивтік құрылым.</jats:p>

Show More

Keywords

және кемел адам сопылық мен

Related Articles

PORE

About

Connect